Мектеп-интернаты туралы



ШҚ ББ «Қосалқы мектеп-интернаты» КММ




17.06.1977 жылы №35 М.Маметова атындағы сегізжылдық мекемесі қайтадан құрылуына байланысты аталмыш мектептің базасында Шымкент қ. «Қосалқы мектеп-интернаты» мекемесі құрылды.

Оңтүстік Қазақстан облысының Әкімінің 01.09.1999ж №44 санды шешіміне сәйкес мектеп-интернаты ««Шымкент қосалқы мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі» болып қайтадан құрылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 30 шілде №224 Қаулысына сәйкес мектеп-интернаты «Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Шымкент қосалқы мектеп – интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» болып атауы өзгерді.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қантар №13 Қаулысына сәйкес мектеп-интернаты «Оңтүстік Қазақстан облысының білім,жастар саясаты тілдерді дамыту басқармасының «Шымкент қосалқы мектеп - интернаты» коммуналдық мемелекеттік мекемесі» болып атауы өзгерді.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 05 сәуір №99 Қаулысына сәйкес мектеп-интернаты «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының «Шымкент қосалқы мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» болып атауы өзгерді.

Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 29 тамыздағы "Шымкент қаласының коммуналдық меншігіне қабылдау туралы" Қаулысына сәйкес мектеп-интернаты "Шымкент қаласы білім басқармасының "Қосалқы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" болып атауы өзгерді.

Мектептің ашылған жылы: 1977.

Салынған жылы 1960 (шеберхана -1қабатты).

1966 (оқу ғимараты -2 қабатты), 1975 (жатын ғимараты-2 қабатты).

Мектеп-интернатының жалпы алаңы -10861,0кв.м

Жатын ғимараты 120 балаға есептелінген

Материалдық техникалық база:

  • Оқу бөлмелері-23
  • Жатын бөлмелері-6
  • Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлама кабинеті-1
  • Сенсорлық кабинеті-1
  • Спорт залы-1
  • Кітапхана-1
  • Психология және әлеуметтік педагогика кабинеті-1
  • Логопедия кабинет-1
  • Тігін шеберханасы-2
  • Ағаш өңдеу шеберханасы-2
  • Дәрігерлік бөлме-1
  • Асхана, отыратын орын саны- 120
  • Кітап қоры-7346 оның ішінде оқулықтар-3346,әдеби кітаптар-4000.
  • Педагогикалық кадрлар:
  • Барлық мұғалімдер саны-44  олардың ішінде:
  • Жоғарғы білімді-44 (100%  барлық мұғалімдер ішінде құрайды).
  • Жоғарғы санатта-26
  • Бірінші санатта-7
  • Екінші санатта-5
  • Санатсыз-1
  • Барлық тәрбиешілер саны 36 олардың ішінде:
  • Жоғарғы білімді-35 (97,2%  барлық тәрбиешілер ішінде құрайды)
  • Арнайы орта білімде-1.
  • Жоғарғы санатта- 7
  • Бірінші санатта- 10
  • Екінші санатта – 6
  • Санатсыз-13

Оқушылар:

    Контингент-152 тәрбиеленуші
    Барлық сынып комплекті саны-20

Сырқаты бойынша мәлімдеме: 

 

Сырқаты

2015-2016о.ж.

2016-2017о.ж.

2017-2018ож.

2018-2019о.ж

1

Другие органические расстройства личности и поведения в связи с другими заболеваниями с недостаточностью интеллектуально- мнестических функций

89

78

79

76

2

Синдром Дауна

34

40

43

41

3

Элективный мутизм

4

1

1

1

4

Другие органические расстройства личности и поведения обусловленные болезнью травмой и дисфункцией головного мозга с недостаточностью интеллектуально – мнестических функций, эмоционально – волевой неустойчивостью

14

28

17

16

5

Гидроцефальный синдром со снижением интеллектуально – мнестических функций

2

1

2

2

6

Гипердинамический синдром со снижением интеллектуально – мнестических функций

7

8

3

1

7

Гипертензионный синдром со снижением интеллектуально – мнестических функций

4

1

1

2

8

Гиперкинетический синдром со снижением интеллектуально – мнестических функций

1

1

   

9

Эпилептиформный синдром со снижением интеллектуально – мнестических функций

3

2

3

2

10

Синдром Денди – Уокера

2

     

11

Синдром Сетра – Хотцена

1

1

   

12

РОП головного мозга со снижением интеллектуально – мнестических функций

6

  5

13

Соматогенный Нанизм со снижением интеллектуально – мнестических функций

4

3

   

14

Синдром ВЧГ ( внутричерепная гипертензия)

1

2

2

1

15

Микроцефалия

4

1

3

3

16

Синдром Каннера

3

     

17

Аномалия Арнольда – Киари

1

1

1

1

18

Аутизм

     2

1

 

барлық бала саны

173

168

161

152


Оқу-тәрбие процессі

2002 жылы Обл. БД №290 20.02.2002ж. бұйрығына сәйкес қосалқы мектеп интернаттар арасында, Шымкент қосалқы мектеп интернаты базалық мектеп болып қабылданды.

2001-2002 оқу жылында В.Воронкованың (Ресей) озық әдісі және Стотта (Швейцария) картасы енгізілді.

2002-2003 оқу жылында әлеуметтік бейімдеу және еңбек қабілеттің қалыптасу деңгейін бағалау картасы енгізілді. Мектеп мұғалімдері В.В. Воронковның (Рессей) озық әдісі бойынша балаларды 4 деңгейге бөліп оқытады.Балаларды жан-жақты зерттеуде Стотт (Швейцария) картасы жүргізіледі. Онда балалардың дамуын, өзгеру ерекшеліктерін бақылап отырамыз. Сонымен қатар әр балаға жеке бақылау күнделігі жүргізіледі.

2004 жылдан бастап мектеп интернатының «Спешиал Олимпикс Қазақстан» Республикалық қоғамдық бірлестігімен бірге жұмыс атқара бастады. (ақыл есі кем балаларға арналған спорт ойыны)

2005ж. Облыстық «Таңдаулы интернат» байқауында жүлделі ІІ-орынды иеленді.

2006 жылы әр балаға жеке анамнездік (баланың сырқаты жөнінде туылғаннан бастап толық мәлімет) жинау жүйесі енгізілді.

2007-2008 оқу жылынан бастап барлық пән бойынша эксперименталдық бағдарлама енгізілді.

2008-2009 оқу жылынан бастап жеке «Емдік дене шынықтыру» кабинеті ашылып, онда түзету технология сабақтары өтілуде.

2009-2010 оқу жылынан бастап мектеп-интернат және ата-аналармен келісім шарт жасасу құжаты енгізілді. Психолог-педагогтың басқаруымен көркем өнерпаз «Дауна тобы» құрылып, мектептегі сахналық көріністерге шыға бастады. 2010 жылы сәуір айында мектеп-интернатымызда «Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу үрдісінің ерекшеліктері» атты тақырыпта өз дәрежесінде семинар өтті.

2011 жылы жаңа үрдісімен диагностика картасы толтырыла бастады. «Жанұя және мектеп» бағдарламасы бойынша жұмыс жұргізіле бастады. Бұл бағдарлама мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық және коррекциялық қолдау.

2001 жылдан бері біздің мектеп-интернаты облыстағы мына ұйымдармен:

-СПИД пен және күресу және емдеу орталығы ;

-Жол ережелері мен көлік жарақаттары жөніндегі;

-Жас өспірімдер инспекторларының құқықтық тәрбие, тәртіп бұзудың алдын алу мекемелері;

-Өрт сөндіру бөлімі;

-Төтенше жағдай орталықтарымен тығыз байланыс жасаудамыз.

Мектеп-интернатының ұжымы “Қосалқы мектеп-интернатындағы балалардың психикасының дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғысында оқып үйрену ” атты тақырып аясында еңбек етеді. Мектебіміздің ұраны: “Білім мен тәрбие арқылы, еңбекке баулу”

Тәрбиелік жұмысы: Кешенді бағдарлама бойынша патриоттық тәрбие,танып білу, жан-жақтылыққа тәрбиелеу, еңбек қабілетін қалыптастыру,адамда барлық қасиеті жақсы болу керек,шынықсаң шымыр боласын, интернационализмге, азаматтыққа тәрбиелеу, денсаулығын жақсарту,ата-аналармен жұмыс бағыттары бойынша атқарылады. Барлық тәрбие жұмыстары түгелдей дерлік ауыл өмірін көтеруге, жақсартуға, Отанын сүюге, азаматтыққа, тарихын оқып үйренуге, қазақ халқының және Қазақстандағы тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің салт дәстүрлері мен танысуға, құрметтей білуге, балалардың денсаулығын жақсартуға, кемшіліктерін түзетуге бағытталған.

Арнайы құрылған кесте бойынша профилактикалық тереңдетілген дәрігерлік байқау жүргізіледі. Мектеп–интернатымызда білгір дәрігер-мамандар, мұғалім-дефектолог, педагог-психолог, әлеуметтік-педагог, музыка жетекшісі жұмыс атқарады