Тәрбиеленушілердің

Басты / Біздің жетістіктер / Тәрбиеленушілердің

Көркем өнерпаз фестивалі

2008 жылы «Аталар жолы- жас ұрпаққа мұра» атты байқаудан таңдап алынған Өскенбай Аяулымның орындауындағы «Бала тілегі » атты әні Балаларды қорғау күніне арналған Гала-концертте орындалып, жүлделі үшінші орынға ие болды.

2009 жылы Көкшетау қаласындағы «Балдәурен» балаларды сауықтыру орталығында алты оқушыдан құрылған «Шабандоз» би тобы, екінші кезеңінен де өтіп, 12-маусым күні болған Астана қаласында өткен Гала-концертте өз өнерлерін паш етті.

2010 жылы Мамыр айында облыстық «Жұлдызай» фестиваліне мектеп-интернатымыздан 2 номер ұсынылып, нәтижесінде «Татар» биінде қатысқан 4 «а» сынып оқушысы Жақышбай Маризат Көкшетау қаласындағы «Балдәурен» балаларды сауықтыру орталығында 15-мамырдан 1-маусым айына дейін демалысқа жіберілді.

2010 жылы «Өнерімді өмірге бейімдеймін» атты облысытық байқаудан таңдап алынған «Татар биі» Балаларды қорғау күніне арналған Гала-концертте орындалып, жүлделі үшінші орынға ие болды.

2011 жылы «Бірлігіміз жарасқан» облыстық байқауында «Ұйғыр халық биі» биін (Есіркеп Ж., Әлібекова Ы., Байботаева Г., Жақышбай М.) орындап 3 орынды иемденді. Көрсеткен жақсы өнері үшін аталмыш тәрбиеленушілеріміз «Балдәурен» балаларды сауықтыру орталығына жолдамамен 2011жылы 10-мамыр айынан 01-маусым айына дейін демалып қайты.

2012 жылы «Өнер күдіреті-мәңгілік» облыстық байқауда Оразалі Әділет «Жан досым» әнің орындап 3 орынды иемденді.

2013 жылы «Тарихқа толы мәдени өлке-Оңтүстік» облыстық байқауында «Тауыс биін» биін орындап (Икмат З., Қалдарова С., Кадир Г., Жұмахан Ж.) орындап 2 орынды иемденді.

2014 жылы облыстық мектеп-интернат оқушылары арасында Қазақстан-2050 стратегиясы: «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» айдарымен өткізілген өнер фестивалінде «Жұмыр қылыш» биін орындаған (Нысанов Д., Әбу Б., Рысбек С., Қонысов Р., Икмат З.) Бас жүлдеге ие болды.

2015 жылы «Ерлік даңқы-мәңгілік» облыстық байқауда «Капи-капи» түрік биін (Әбу Б., Нысанов Д.,Рысбек С., Қонысов Р., Икмат З.,Жұмахан Ж., Аманбек М., Кадир Г., Мырзабекқызы З.) орындап 1 орынды иемденді. Осы бимен BI Жұлдызай-дың 10 жылдығына «Қазақстан балалары-Нұрлы жолмен» айдарымен өткен Республикалық балалар шығармашылық фестивалінде дипломант атанды. 

«Спешиал Олимпикс» бағдарламасы.

2007 жылы ҚХР-ның Шанхай қаласында өткен Дүниежүзілік Жазғы Арнайы Олимпиадасында дайындаған тәрбиеленушілер бір алтын,бір күміс және төрт қола медалдерін иеленді.

2008 жылы мамыр айында Италияның Ля-Специя қаласында «Спешиал Олимпикс» тарапынан өткен мини футболдан Европалық жарысқа мектеп-интернаттан жасақталған қыздар командасы қатысып , 24 мемлекеттің ішінен 3 орынды иемденді.

2009 жылы мектеп-интернатымыздың оқушылары: Мейірман Лаззат, Дәкенов Дастан «Дүниежүзілік Спешиал Олимпиадасында» Америка Құрама Штатының Бойсе қаласына (Адахо штаты) шаңғы жарысынан барып екі күміс, екі қола медальға ие болды.

2010 жылы 27-30 сәуір айында Алматы қаласында мини-футболдан өткен республикалық турнирде 1 орынды иемденді.

2010 жылы 1-3 маусым айында Қостанай қаласында өткен Жазғы Арнайы Республикалық Олимпиадада жүзу, боулинг және стол теннисі спорт түрлерінен қатысып 3 алтын, 5 күміс және 1 қола медальдарін иемденді.

2010 жылы 10-13 желтоқсан айында Астана қаласында флорбол спорт түрінен өткен республикалық жарыста 2 орынды иемденді.

2011 жылы 25 маусым-05 шілде айында Греция мемлекетінде (Афины қ.) өткен Жазғы Дүниежүзілік Арнайы Олимпиадалық Ойындарға жеңіл атлетикадан 4 тәрбиеленушіміз Қазақстан құрама командасында жарысқа қатысты. Олар: Наватбек Жандос, Гудков Андрей, Байбота Гулзада және Жакышбай Маризат. Наватбек Жандос 400метрге жүгіруде алтын, эстафетада күміс, Гудков Андрей 100 метрге жүгіруде күміс, қашықтыққа секіруде күміс, эстафетада күміс, Байбота Гүлзада қашықтыққа секіруде қола, эстафетада күміс, Жақышбай Маризат эстафетада күміс жеңіп алды.

2014 жылы 09-20 қыркүйек айында Бельгия мемлекетінде (Антверпен қ.) өткен Жазғы Еуропалық Арнайы Олимпиадалық Ойындарына баскетболдан (юнифайт) қыздар командасы 3 орынды иемденді.

2015 жылы АҚШ Лос-Анджелес қаласында өткен Жазғы Дүниежүзілік арнайы Олимпиадада Қазақстан командасының құрамында волейболдан тәрбиеленушіміз Рысбек Санат жақсы өнер көрсетіп 2 орын алды